ММА

Дана Уайт Хабиб — Сен-Пьер жекпе-жегін өткізгісі келмейді

Дана Уайт Хабиб — Сен-Пьер жекпе-жегін өткізгісі келмейді
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов пен екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион Жорж Сен-Пьер арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым басшысы бұл шайқас ол үшін аса қатты маңызды емес екенін айтты.

«Хабиб пен Гатжи арасындағы жекпе-жектің қалай аяқталатынын көрейік. Бұл жекпе-жек алдымен өтуі керек екенін білесіз. Біз Жоржды комментатор ретінде қатарымызға қостық. Ұйым оны осы қызметте көргісі келеді.

Әлемде шыңға шыққан спортшылар көп емес. Сен-Пьер мұны сәтті жүзеге асырды. Ақшасы да жетеді. Қазір басқа салады өзің көрсетіп жүр. Біз Жорждың осы салада да биік шыңдарды бағындырғанын қалаймыз - деді Уайт.

Еске салайық, 2019 жылы ақпанда Сен-Пьер өзінің спорттан кететіні туралы ресми түрде хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер