Әлем футболы

«Барселона» 19 жастағы бразилиялық шабуылшыны қатарына қосты

«Барселона» 19 жастағы бразилиялық шабуылшыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» ресми сайтында 19 жастағы шабуылшы Густаво Майяның команда сапына қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жас бразилиялықтың католондық клубпен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген, келісімшарттағы өтемақы мөлшері 300 миллион еуроны құрады.

Футболшыны сатып алу жөнінде «Барселона» бразилиялық «Сан-Паулу» командасымен наурыз айында келісіп қойған еді. Трансфер құны 4,5 миллион еуроны құрады.

Айта кету керек, 19 жастағы Майя ешқашан «Сан-Паулу» негізгі командасында өнер көрсеткен емес.

8 тамызда «Барселона» Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші матчында «Наполимен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер