Әлем футболы

Обамеянг «Арсенал» сапында қалады

Обамеянг «Арсенал» сапында қалады
news-banner7
mobile-news-top

«Арсеналдың» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг келісімшарт мерзімін ұзартуға жақын. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.

Жаңа келісімшарттың мерзімі 2023 жылға дейін жоспарланған. 31 жастағы футболшы «Арсеналдың» сапында қалса аптасына 250 мың фунт жалақы алады.

Бұған дейін Габон құрамасының ойыншысы мадридтік «Реалдың» қызығушылық танытқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Мадридтік клуб Габон құрамасының ойыншысы үшін 40 млн еуро төлеуге дайын. Егер қажет болса бұл трансферге «Арсеналда» өнер көрсетіп жүрген Дани Себальості қосуға қарсы емес.

Обамеянг пен «Арсеналдың» келісімшарт мерзімі аяқталуға 13 ай қалды. Егер жаңа келісімшарт жасалмаса, 30 жастағы шабуылшы 2021 жылы қаңтардан бастап өзіне жаңа клуб іздеуге құқылы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер