Велоспорт

«Астана» шабандозы Украина чемпионы атанды

«Астана» шабандозы Украина чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team әйелдер командасының шабандозы Ольга Шекель жекелей жарыста Украина чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс жолының ұзындығы 25,1 шақырым болды. Ол аталған қашықтықты 37 минут 33 секундта басып өтіп, қарсыластарынан тура бір минутқа озып кетті.

«Мен бұл жеңісті күйеуім Вадимге арнағым келеді, бүгін оның туған күні. Оның қолдауы маған әрқашан жеңіске жетуге күш береді», - дейді Шекель.

Айта кетейік, жұма күні Ольга Украина біріншілігінде тағы да сынға түседі. Онымен бірге «Астананың» тағы бір шабандозы Мария Иванюк те аталған жарыста бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер