Әлем футболы

Ресми: Алексис Санчес «Интер» ойыншысы атанды

Ресми: Алексис Санчес «Интер» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Интер» футбол клубы чилилік шабуылшы Алексис Санчесті сатып алды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы италиялық клуб ресми хабарлады. Санчес «Интерге» еркін агент ретінде ауысты. Ол енді миландық клуб сапында 2023 жылға дейін өнер көрсетеді.

«Манчестер Юнайтед» ең көп жалақы алатын ойыншысын «Интерге» тегін беруге келісті. Санчес МЮ сапында жылына 18,2 миллион фунт жалақы алатын.

Айта кетейік, Алексис бұған дейін «Интерге» жалға берілген. Биылғы маусымда ол 30 ойынға қатысып, 4 гол соқты және 9 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер