Еркебұлан Сейдахмет «Жетісуда» өнер көрсетеді

Еркебұлан Сейдахмет «Жетісуда» өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Жетісуға» жалға берілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- «Қайрат» пен «Жетісу» шабуылшы Еркебұлан Сейдахметті талдықорғандық клубқа жалға беру туралы келісімге келді. Аталған команда сапында ойыншы биылғы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.

Футболшы көп ойын тәжірибесін алу үшін өзге командада жалда ойнағу ниет білдірді. Клуб ойыншының бұл ниетін құп көрді.

«Қайрат» Еркебұланның «Жетісу» сапында жемісті өнер көрсетуін тілейді!- деп жазды алматылық клубтың баспасөз қызметі.

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер