Jetisy FK

Маусымның қайта басталуын тағатсыздана күтеміз, былтырғыға қарағанда жақсы өнер көрсеткіміз келеді

Маусымның қайта басталуын тағатсыздана күтеміз, былтырғыға қарағанда жақсы өнер көрсеткіміз келеді
news-banner7
mobile-news-top

Енді Prosports.kz сайтында «Жетісу» футбол клубының ресми блогын үнемі жүргізілетінін қуана xабарлаймыз.

Биылғы жаз, бүкіл 2020-жыл сияқты, футбол оқиғалара аз. Әдетте тамыз айына қарай турнирлік кестеге жағдайлар ретке келіп, жоғары орындарға үміткерлер мен Премьер лигада қалуға таласатын командалар тобы анықталады.

Бірақ осы маусымда барлығына белгілі себептерге байланысты жағдай өзгеше. Жоғарғы дивизионның клубтары 3-4 матч өткізді және командалардың саны да өздері - павлодарлық «Ертіс» чемпионатқа қатысудан бас тартты. Қазақстан кубогы әлі де басталған жоқ, және оның 2020 жылы ойналатыны әзірше белгісіз.

Алайда бәрі бірдей мұңды және қайғылы емес. Карантин кезінде «Жетісу» футбол клубы дамуды жалғастырды. Шілдеде Талдықорғандық клуб UNDERDOG спорт агенттігімен серіктестік туралы келісімге қол қойды, және ынтымақтастықтың алғашқы жемісін жақын арада - ұлттық чемпионат қайта басталғанда көруге болады.

«Жетісу» футбол клубы медиа кеңістікте ашыла бастайды, біз UNDERDOG агенттігімен бірлесе отырып, тек біздің аймақта ғана емес, бүкіл Қазақстанда және тіпті шетелде де танымал болуды мақсат етіп қойдық. Жанкүйерлер үшін түрлі акциялар, байқаулар, түрлі іс-шаралар - біз осының барлығын елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бірге өткізуді жоспарлап отырмыз.

Осы уақытта «Жетісу» ойыншылары маусымның екінші қайта басталуына дайындалып жатыр. Біздің жақын қарсыласымыз - шымкенттік «Ордабасы», мықты ұжым. Өздеріңіз білетіңдей, Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының шешіміне сәйкес, жоғарғы дивизионның барлық командалары келесі турларды Алматы қаласының стадиондарында өткізеді, сондықтан біз «Ордамен» ойында тек номиналды түрде алаң иелері атаңамыз. Алайда, бұл жағдай біздің командаға сапалы футбол көрсетіп қажетті нәтижеге жетуге, кедергі болмайды деп сенеміз.

Дмитрий Огайдың құрамы Қазақстан чемпионатының былтырғы қола жүлдегерлерімен күресуге дайын. «Жетісу» футбол клубы үшін маусымдағы басты мақсат - алдыңғы жылғы нәтижені, яғни 5 орынды жақсарту.

Prosports.kz сайтындағы «Жетісу» ФК-ның ресми блогын оқып, оған жазылыңыз және соңғы жаңалықтарды күтіңіз!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер