Басқа

Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп өтті

Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді жүзіп өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жүзгіш, Азия чемпионы Виталий Худяков Ыстықкөлді жүзіп өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, спортшы 5 тамызда таңғы 5:15-те Чолпон-Атада жүзіп бастаған. Су температурасы 18-19 градус болған. Отандасымыз 56 шақырымды 13 сағат, 18 минутта жүзіп өтіп, Каджи-Сай жағажайына жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш саналады.

Еске салайық, Виталий Худяков ашық суда жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі саналады. 2019 жылы сәуірде Кувейтте Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген.

Токио Олимпиадасына жолдама алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер