Күрес

UWW күзде халықаралық жарыстар өткізбейді

UWW күзде халықаралық жарыстар өткізбейді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі қыркүйек-қазан айларында өтуі тиіс жарыстарды кейінге шегерді. Халықаралық жарыстардың шегерілуіне коронавирус індеті себеп болған. Бұл туралы UWW сайтында жазылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған шешімді UWW атқарушы комитеті қабылдады.

«Біз әлемдегі жағдайға қатысты реакцияны бақылап отырмыз. Сондай-ақ, біз спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауаптымыз. Жарысты бастан-аяқ қауіпсіз өткізетінімізге сенімді болған кезде, қайтадан күресті бастаймыз», - дейді UWW президенті Ненад Лалович.

Атқарушы комитет маусым күнтізбесін талқылайтын келесі отырысты қыркүйекке жоспарлауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер