«Тобылдың» қазіргі құрамында жүз матчтан көп ойнаған екі футболшы аталды

«Тобылдың» қазіргі құрамында жүз матчтан көп ойнаған екі футболшы аталды
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылдың» қазіргі құрамында клуб сапында жүз матчтан аса ойнаған екі футболшылар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азат Нұғалиев қостанайлықтар сапында 224 ойынға қатысқан, бұл көрсеткіш бойынша ол клубтың Қазақстан тәуелсіздігінен бергі тарихында үздік бестікке енеді.

Ал Дмитрий Мирошниченко қостанайлықтар сапында 118 матч өткізген. Бұл статистикаға Қазақстан чемпионаты ғана емес, ел кубогы да кіреді.

Еске салайық, биылғы Қазақстан чемпионатында қостанайлық клуб үш турда 7 ұпай жинап, үшінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер