Жуков «Висла» сапында жолдастық матчқа қатысты

Жуков «Висла» сапында жолдастық матчқа қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасы мен польшалық «Висла» жартылай қорғаушысы Горгий Жуков жарақатынан айығып, «Сталь Мелецке» қарсы жолдастық матчқа қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ойыншы негізгі құрамда шығып, бірінші таймда ойнады. «Висла» екінші таймға басқа құрамды шығарды.

Матч «Висланың» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Жуковтың командасы 60-минутқа дейін 2:0 есебімен жеңіліп жатқан.

Еске салайық, Жуков маусымның аяғында жарақат алып, чемпионаттың соңында ойнамаған еді. Оның командасы Польшаның жоғары дивизионында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер