Бокс

Хирн Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты

Хирн Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBO және IBF чемпионы Геннадий Головкиннің жекпе-жек өткізуіне ыңғайлы уақыт іздеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG күзде польшалық үміткер Камил Шереметаға қарсы титулын міндетті қорғау жекпе-жегін өткізбек.

«Мен Головкиннің Шереметамен жекпе-жегін өткізуге тырысып жүрмін. Көптеген атақты боксшы биыл бір рет қана жұдырықтасады. Энтони Джошуа мен Тайсон Фури де солай. «Канело» мен Головкин де сондай жағдайда. Сондықтан бізге жұмыс істейтін күнді «табу» керек», - деді Херн IFL TV-ге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер