Ауыр атлетика федерациясы ұлттық құрама мүшелеріне көмек көрсетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАуыр атлетика федерациясы ауыр атлетикадан ұлттық құрама мүшелеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрама мүшелерін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. Дәрі-дәрмектер арасында вирустық аурулардың алдын алатын «циклоферон», дәрумені (цинк, C, «детримакс»), жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері үшін «ксарелто» антикоагулянты, сондай-ақ қолғап мен маска бар.
Сондай-ақ, ауыр атлетика ардагерлері де аталған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Бұл заттар Алматы облысына (Талдықорған, Текелі, Үштөбе), Қарағандыға, Қызылордаға. Шымкент пен Түркістан облысына, Ақмола облысына (Көкшетау мен Степногорск), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысына (Өскемен, Семей, Зырян) жөнелтілді. Карантин кезінде команданы қолдау мақсатында ұлттық құрама мүшелеріне бір реттік материалдық көмек төленеді.