Әлем футболы

Джон Терри ағылшын клубын тізгіндеуі мүмкін

Джон Терри ағылшын клубын тізгіндеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы, қазір «Астон Виллада» бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып жүрген Джон Терри команда ауыстыруы мүмкін.

39 жастағы маман жақын уақытта «Борнмуттың» тізгінін ұстауы мүмкін. Клуб басшылығы Джон Терриден бөлек Крис Хьютон («Ньюкасл» мен «Норвич») және Ли Джонсонның («Бристоль Сити», «Барнсли») кандитатурасын қарастырып отыр.

«Борнмуттың» бұрынғы бас бапкері Эдди Хау команда ағылшын Премьер-лигасынан ұшып кеткен соң қызметінен кетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер