Хоккей

Солтүстік Америкада өнер көрсеткен қазақстандық ойыншы «Барысқа» ауысты

Солтүстік Америкада өнер көрсеткен қазақстандық ойыншы «Барысқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы мен қорғаушы Тамирлан Гайтамиров 2020 жылдың 31 тамызына дейін жарамды сынақ келісімшартын жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы ойыншысы соңғы бірнеше жылын Солтүстік Американың түрлі жасөспірімдер лигаларында өткізді. Тамирлан осының алдында «Дес Мойнс» клубында өнер көрсетті. Аталған команда сапында 23 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас шығарды.

Айта кетейік, Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Гайтамиров Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер