Әлем футболы

Еуропа лигасы: 1/8 финалдың қарымта кездесулері өтеді

Еуропа лигасы: 1/8 финалдың қарымта кездесулері өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні Германияда Еуропа лигасының плей-офф кезеңі қайта жалғасады, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА 1/8 финалдың қарымта ойындарынан бастап барлық матчтарды Германияның төрт стадионында өткізуге шешім қабылдаған.

Бүгін ширек финал жолдамасы үшін төмендегі кездесулер өтеді: «Интер» (Италия) - «Хетафе» (Испания), «Копенгаген» (Дания) - «Истанбул» (Түркия), «Шахтер» (Украина) - «Вольфсбург» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) - ЛАСК (Австрия).

«Интер» - «Хетафе» матчын QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:45-те басталады. Аталған арна 0:55-те «Шахтер» - «Вольфсбург» матчыны тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

Айта кетейік, 1/4 ойындары 10 және 11 тамызда өтеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы-2019/20 маусымының 1/4 финалына жеребе тарту рәсімі өтті

ФИФА президентіне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер