Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» өз алаңындағы ойындарын өзге қалада өткізуі мүмкін

ҚХЛ: «Барыс» өз алаңындағы ойындарын өзге қалада өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы ойындарын басқа қалада өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының президенті Алексей Морозов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық команда ҚХЛ клубтарының бірімен сөйлескен. Онда егер қажет болған жағдайда ҚХЛ аясындағы матчтарды аталған клубтың алаңында өткізу мәселесі қарастырылған.

Айта кетейік, елордалық команда жақында ғана оқу-жаттығу жиындарын бастауға рұқсат алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер