Әлем футболы

ПСЖ «Реал» ойыншысын сатып алады

ПСЖ «Реал» ойыншысын сатып алады
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» пен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Пари Сен-Жермен» сапында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Ойыншның агенті Жорже Мендеш оны франциялық клубқа ұсынды.

29 жастағы жартылай қорғаушыға англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытып отыр. Бірақ олар Хамес үшін 25 миллион еуро ұсынды, ал «Реал» оны кем дегенде 35 миллионға сатқысы келеді.

Ал ПСЖ мадритік клубтың сұраған ақшасын төлеуге дайын.

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер