Бокс

Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді

Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Беларусь елінің астанасы Минск қаласында бокстан «Kоld Wars» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (13-0-0) шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз польшалық Камиль Соколовскийге (9-17-2) қарсы жекпе-жекте IBO Inter-Continental белбеуін сәтті қорғады. Он раундқа жоспарланған кездесу, соңғы раундтың бел ортасынан ауғанда аяқталды. Польша боксшысы Жанның ауыр соққысынан кейін белгілінген мерзімде орнынан тұра алған жоқ.

Осылайша Кособуцкий кәсіпқой бокстағы 14-жеңісіне қол жеткізді. Ал қарсыласы 18-рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақта өнер көрсететін ресейлік боксшысы Сергей Шигашев британиялық Кингсли Эгбанайкпен жұдырықтасады.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі жайлы айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер