Күрес

Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді

Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді
news-banner7
mobile-news-top

2 тамызда грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, «Барыс», «Құрмет», және «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін Жақсылық Үшкепіров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Ол Кеңсайға қойылды. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады. Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!», - деп жазды, Берік Уәли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер