Қазақстан U 21 құрамасы Еуропаның іріктеу турнирін қайта жалғастырады

Қазақстан U 21 құрамасы Еуропаның іріктеу турнирін қайта жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы Instagram желісіндегі ресми парақшасына Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасының ойындары кестесін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, турнир коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған еді. Қазіргі уақытта Қазақстан 6 тобында 7 ұпаймен 3-орында тұр. Испания бірінші орынға (13 ұпай) жайғасса, екінші орында - Израиль (8 ұпай).

Қазақстан турнирге қатысуды 3 қыркүйекте қайта бастайды. Қарсылас - Черногория жастары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер