ММА

Жалғас Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен кездесті

Жалғас Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының атынан UFC ұйымында өнер көрсеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Нұр-Сұлтанда елорда әкімі Алтай Сейдірұлымен кездесу өтті.

Сіздермен кездесіп, танысқаныма өте қуаныштымын. Мен осы маңызды мемлекеттік лауазымға әкімге күш пен батылдық, халқымыз бен еліміздің игілігі жолындағы істерге үлкен табыс тілеймін!»- деп жазды Жұмағұлов Инстаграмдағы парақшасына.

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов американдық промоушндағы алғашқы дебютін 12 шілдеде өткізді. Абу-Дабидегі Яс аралында өткен шарада Жалғас бразилиялық Раулиан Пайвамен (20-3) кездесті. Үш раундтық айқас төрешілер шешімімен бразилиялықтың пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер