«Тобыл» Бауыржан Тұрысбектің трансфері жайлы ресми мәлімдеме жасады

«Тобыл» Бауыржан Тұрысбектің трансфері жайлы ресми мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбекті сапына қосу туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Prosports.kz сайты.

«БАҚ беттерінде «Тобыл» ФК шабуылшы Бауыржан Тұрысбекті сапына қайта қосатыны туралы ақпарат шықты. «Тобыл» ФК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Шабуылшы қостанайлық команданың жейдесінде өнер көрсетіп, оның дамуына үлесін қосты. Алайда қазір Бауыржан клубтың трансферлік мақсатына кірмейді», - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бұған дейін Meta-ratings.kz порталы «Тобылдың» Бауыржан Тұрысбекке қызығушылық танытып отырғанын жазған болатын. Одан бөлек 28 жастағы шабуылшыға «Каспий» мен «Тараз» да қызығып отыр.

Еске салайық, Бауыржан Тұрысбек бұған дейін «Сұңкар» (Қаскелең), «Спартак» (Семей), «Жетісу», «Қайрат», «Тобыл» және сербиялық «Раднички» сапында ойнаған.

Бауыржан Тұрысбек Еуропадан ұсыныс түскенін айтты

Бауыржан Тұрысбек «Тобылға» оралуы мүмкін

«Астананы» ресейлік маман жаттықтыруы мүмкін

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер