Басқа

Сергей Колос: Карантинде спортшылар үшін арнайы жаттығу жоспарын құрдық

Сергей Колос: Карантинде спортшылар үшін арнайы жаттығу жоспарын құрдық
news-banner7
mobile-news-top

Стенд атудан Қазақстан командасының бас бапкері Сергей Колос спортшылардың карантин кезіндегі жағдайына тоқталды.

«Бапкерлер құрамы спортшылардың дайындық жүйесін толығымен қайта қарады. Қазақстанда карантин режимінің созылуына байланысты барлық спортшылар қашықтан дайындалып жатыр. Атап айтар болсақ, олар спорттық бабын жоғалтпау үшін үй жағдайында жаттығу жасап жатыр.

Біздің бапкерлер де, спортшылар да әлемдегі ахуалға қатысты тез шешім қабылдап, тез бейімделді. Халықаралық жарыстарға қатысты әзірге еш ақпар жоқ. Барлығы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайда байланысты.

Әрине, жақын арада спортшыларымыз әлемдік турнирлерге қатысады деп үміттенеміз. Спортшылардың үйдегі жаттығуына тоқталар болсам, оларға күн сайын үй жағдайында жасалатын жаттығу жоспары жіберіледі. Команда мүшелері өз кезегінде күн сайын видео есеп береді. Спортшыларға арнайы әдебиеттерді қолданып, ату тактикасы мен техникасынан дәрістер жібереміз. Олар өткен материалдар бойынша қорытынды жасайды.

Сондай-ақ, Халықаралық спорттық ату федерациясы бекіткен жаңа өзгерістер мен ережерлерді зерттеуде. Василий Мосин есімді бапкеріміз спортшыларға онлайн кеңес береді. Дәрігерлер күн сайын онлайн-режимде спортшылардың жағдайын тексеріп отыр. Сондай-ақ, психологтар да жұмыс істеуде», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер