Әлем футболы

«МЮ» Санчоны өз қатарына қосуға көндірді

«МЮ» Санчоны өз қатарына қосуға көндірді
news-banner7
mobile-news-top

Дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Джадон Санчо «Манчестер Юнайтедпен» жеке келісімшарт шарттарын келісті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның айтуынша, тараптар 2025 жылдың шілдесіне дейін есептелген 5 жылдық келісімшарт жасауға келіскен.

Енді қос клуб өзара келіссөздер жүргізуге тиіс. Журналист «Манчестер Юнайтед» пен «Боруссия» келіссөздердің белсенді кезеңінде екенін атап өтті. Трансфердің сомасы әлі белгісіз.

«Боруссия» Санчоға қатысты жағдайды тамыздың аяғында шешуді қалайды. Егер ойыншы клубтан кететін болса, немістер Мемфис Депайды сатып алу үшін бар күшті жұмсайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер