Күрес

UWW басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтты

UWW басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтты
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

ХОК мүшесі әрі UWW президенті көңіл айту жеделхатын Қазақстан күрес федерациясының президенті Сауат Мыңбаевқа жолдаған.

- Қадірлі президент Сауат Мыңбаев! Грек-рим күресінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің қазасын ауыр қабылдадым.

Біріккен күрес әлемінің барлық мүшелерімен бірге Қазақстан күрес федерациясы мен Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына қайғыра көңіл айтамын, - делінген жеделхатта.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер