Әлем футболы

Италия чемпионаты аяқталды. Маусым қорытындысы

Италия  чемпионаты аяқталды. Маусым қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін Еуропадағы үздік чемпионаттардың арасында ең кеш (20 маусымда) қайта жалғасқан Италия чемпионаты 3 тамызда аяқталды.

Осымен 118-рет өткен біріншілікте «Ювентус» футбол клубы топ жарды. Туриндік клуб қатырынан тоғызыншы жыл ел чемпионы атанып отыр. Биыл 38 ойында 83 ұпай жинап, 76 гол соқты. Екінші орын алған миландық «Интерден» 1 ұпай ғана озды.

А сериясының қорытындысына сай, Чемпиондар лигасына «Ювентустан» бөлек «Интер» (81 ұпай), «Аталанта» (78 ұпай, 98 гол соқты) және «Лацио» (78) командалары қатысады.

«Рома» (70 ұпай) мен «Наполи» (62 ұпай. Италия кубогының иегері) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алды. Ал 6-орын алған «Милан» (66 ұпай) Еуропа лигасының іріктеуіне қатысады.

Көш соңында қалған «Лечче» (35 ұпай), «Брешия» (25) және «СПАЛ» (20) төменгі лигаға түсіп қалды.

Үздік сұрмерген атағы «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобилеге бұйырды. Италиялық ойыншы осы маусымда 37 матчқа қатысып, 36 гол соқты.

Ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын «Аталантаның» жартылай қорғаушысы Алехандро Гомес иеленді. Аргентиналық ойыншы биыл 16 ассистент жасады.

Ең көп құрғақ ойын өткізген қақпашы - Самир Ханданович «Манчестер Сити», Хуан Муссо «Удинезе». Қос қақпашы да 13 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ.

Ең көп жанкүйер жиналған ойын: «Интер» - «Ювентус» - 1:2 (75 923 адам).

ХХІ ғасырда трансферге ең көп қаржы жұмсаған клубтар анықталды

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер