Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсімі отбасы ішінде өтеді

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсімі отбасы ішінде өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі пандемияға байланысты және адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында тек отбасының қатысумен өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем, Еуропа чемпионы, «Барыс», «Құрмет», және «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеден озды.

Жақсылық Үшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі жабық жағдайда өтеді

Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер