Бокс

«Жақсы дайындық». Ковалев Головкинге тілек айтты

«Жақсы дайындық». Ковалев Головкинге тілек айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Сергей Ковалев әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Головкинге жақсы дайындық тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ресейлік боксшы бос уақытын отбасымен өткізіп жатыр. Сергей Instagram-парақшасында ұлын хоккей секциясына жазғанын мәлімдеген еді. Бұл жазбаға Головкин «Мықтылар» деп пікір қалдырды.

Ковалев әлем чемпионының бұл пікірін жауапсыз қалдырмады: «Сәлем, Гена! Алдағы жекпе-жекке жақсы дайындық тілеймін».

Еске салайық, Головкин күзде польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасып, IBF белбеуін қорғауы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер