Әлем футболы

«Барселона» Ракитичті жақын арада 10 миллион еуроға сатуы мүмкін

«Барселона» Ракитичті жақын арада 10 миллион еуроға сатуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Иван Ракитич жақын арада 10 миллион еуроға сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Mundo Deportivo хабарлауынша, хорватиялық жартылай қорғаушының келісімшарты 2021 жылы аяқталады, бірақ каталониялық клубының басшылығы келісім мерзімі аяқталғаннан кейін оны тегін беруге ниет білдірмейді. «Барселона» құраманы жасартып, жалақы кестесін түсіруді көздейді, сондықтан олар ойыншымен тиімді түрде бөліскісі келеді.

32 жастағы жартылай қорғаушы өзінің мансабын «Севильяда» аяқтауға қарсы болмайтынын бірнеше рет айтқан. Ракитич осы командада 2011 жылдан 2014 жылға дейін ойнаған. Хорват футбрлшысы сонымен қатар Шальке мен Базельде де доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер