Әлем футболы

Ағылшын кубогының финалын 8 миллион адам тамашалаған

Ағылшын кубогының финалын 8 миллион адам тамашалаған
news-banner7
mobile-news-top

«Арсенал» Англия Кубогының финалында «Челсиді» 2:1 есебімен жеңді. Ұлыбританиядағы бұл кездесу BBC арнасынан ақысыз көрсетілді, матч көрермендер саны бойынша 2019/20 маусымында көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24-ке сілтеме жасап.

Гарри Линекер Twitter-дегі парақшасында ойынды жалпы 8,2 миллион адам тамашалады деп жазды. Теледидарды қосқандардың жартысына жуығы (46,1%) матч көрген.

2019/20 маусымдағы көрермендер саны бойынша екінші орынды «Манчестер Юнайтед» және «Челси» арасындағы (7,3 млн.) Англия кубогының жартылай финалдық матчы алса, үшінші орынға - «Челси» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын (6,8 млн.) жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер