Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» «Лестер» қақпашысына қызығып отыр

«Манчестер Юнайтед» «Лестер» қақпашысына қызығып отыр
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшындық «Лестер» футбол клубының қақпашысы Каспер Шмейхель «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

The Sun басылымының хабарлауынша, Оле Гуннар Сульшер негізгі қақпашы Дэвид де Хеаға наразы, бірақ ол 2019/20 маусымда «Шеффилд Юнайтед» сапында ойнаған Дин Хендерсонға бастапқы құрамдағы орнын сөзсіз сеніп тапсыруға дайын емес.

Шмейхель, 33 жаста, 2011 жылдан бері лестерлік клубтың намысын қорғап, 378 ойын өткізді.

Қақпашының келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды. Каспер Шмейхель - «Манчестер Юнайтедтің» экс-қақпашысы Петер Шмейхелдің ұлы, Петер командада 1991 жылдан 1999 жылға дейін ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер