Басқа

Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық серфинг федерациясы (ISA) биыл өтуі тиіс Бүкіләлемдік серфинг ойындарын 2021 жылға ауыстырды. Бұл турнир келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңі болып саналады.

Сальвадордағы Эль-Сунсаль және Ла Боканада өткізілетін жарыс биылғы мамыр айында жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты халықаралық федерация турнирді кейінге шегерді.

Енді аталған бәсеке 2021 жылдың 8-16 мамыры аралығында ұйымдастырылады.

Айта кетелік, серфинг Токио Олимпиадасының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп тұр. Ал бүкіләлемдік серфи ойындарында жеті жолдама сарапқа салынады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер