Бокс

Серік Қонақбаев: Күміс медалімді алтынға балаймын

Серік Қонақбаев: Күміс медалімді алтынға балаймын
news-banner7
mobile-news-top

Осыдан тура 40 жыл бұрын, 2 тамыз күні Мәскеудегі жазғы Олимпиада ойындарында КСРО құрамасының мүшесі Серік Қонақбаев күміс медаль жеңіп алды.

63,5 салмақ дәрежесінде сынға түскен былғары қолғап шебері финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ал финалда оны италиялық қарсыласы Патрицио Олива тоқтатты. Серік Қонақбаевтың мойына күміс медаль ілінсе де, халық оны алтынға балады. Себебі, залда отырған күллі жанкүйер мен теледидардан тамашалап тілеулес болған жанкүйер, спорт мамандары, тіпті қарсыласы Патриционың өзі Серікті жеңіске лайық деп санады.

«Медалім күміс болса да, мен үшін алтынға тең. Жекпе-жек аяқталғаннан соң Патрицио маған «Серік, сен жеңдің. Бірақ жеңісті маған берді» деп, өзі айтты», деп есіне алады Қонақбаев.


Айта кетейік, 1980 жыл Серік Қонақбаев үшін өте ерекше жыл болды. Дәл осы жылы ол КСРО чемпионатындағы жетістігін қайталады, Спартакиада жеңімпазы атанды. Тиісінше, Мәскеу Олимпиадасында бокстан КСРО Олимпиада құрамасының капитаны болып, боксшыларды Олимпиадаға бастап барды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер