Басқа

Жетісу спортшылары Олимпиада ойындарына жолдама санын арттыра ала ма?

Жетісу спортшылары Олимпиада ойындарына жолдама санын арттыра ала ма?
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының спортшылары Олимпиада ойындарына 12 жолдама алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұркен Нуратов Рrosports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

- Карантин кезіндегі спортшылардың жағдайы қалай? Жаттығулары жалғасып жатыр ма?

- Карантин кезінде спортшыларымыз онлайн жаттығу өткізуде, бұл спортшыларға қиын болып отыр, себебі Олимпиада ойындарына, Әлем, Азия чемпионаттарына дайындалып жатты. Қазіргі таңда індетке байланысты спортшылар жеке жаттығуларын таза ауада өткізуде.

- Қазіргі таңда қоржында Олимпиада ойындарына қанша жолдама бар?

- Облысымызда Олимпиада ойындарына қазіргі уақытта 8 жолдама, оның ішінде садақ атудан 4 жолдама ұтып алдық, 1 командалық және жекелей сыңда 3 спортшымыз барады. Сонымен қатар, жеңіл, ауыр атлетикадан, греко-рим күресінен, велоспорт түрлерінен жалпы 8 жолдама қоржынымызда. Жоспар бойынша 12 жолдама жеңіп алу ойымызда бар. Оның ішінде күрес, бокс, жеңіл атлетикадан, ауыр атлетикадан, құзға өрмелеу, су спорт түрлерінен спортшыларымызға сенім артып отырмыз.

- Алда шаралар ұйымдастырылады ма?

- Қазіргі таңда көп жарыстар кейінге шегерілді, жоспарда күрес түрлерінен СНГ ойындарына Алматы облысынан әр спорт түрінен 22 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын болады, сондай ақ ағымдағы жылы қараша айында 23 жасқа дейін және ересектер арасында желтоқсан айында Әлем чемпионаты жоспарланып отыр.

- Жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз?

- Облысымызда 398 спортшымыз 26 спорт түрімен айналысады, соның ішінде 173 спортшымыз ұлттық құрама сапында, қалған спортшыларымыз қосалқы құрамда, бұл дегеніміз ұлттық құраманың 45-50% -ын облысымыздың спортшылары құрап отыр. Мектебіміздің басты мақсаты да осы, яғни спортшыларымызды ұлттық құрамаға дайындап, қатарға қосу. Ағымдағы жылдың ақпан айында 2019 жылдың қорытындысы шығарылған болатын, ол жерде республика бойынша ең үздік ұйым болып біздің жоғарғы спорт шеберлігі мектебі атанып отыр. Бұл әрине жаттықтырушылар, спорт басқармасының қолдауының, бірлесе атқарған жұмыстың еңбегі деп білеміз. Жыл сайын осындай жетістіктерге қол жеткізу басты межеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер