Хоккей

«Алматы» мен «Сарыарқада» ойнаған қорғаушы словакиялық клубқа ауысты

«Алматы» мен «Сарыарқада» ойнаған қорғаушы словакиялық клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Сарыарқа» мен «Алматы» хоккей клубында өнер көрсеткен литвалық қорғаушы Нериюс Алишаускас мансабын Словакияда жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Ол енді братиславалық «Слован» клубында бақ сынайды. Жаңа клубымен келісімшарт бір жылға жасалды.

Айта кетейік, 29 жастағы хоккейші 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстанда өнер көрсетті. 2014/2015 жылғы маусымда «Алматы» сапында 54 матчқа қатысып, 35 (17+18) ұпай жинады. Осыдан кейін қарағандылық «Сарыарқаға» ауысып, екі маусым өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер