Әлем футболы

Ресми: Пирло «Ювентустың» жастарын жаттықтырады

Ресми: Пирло «Ювентустың» жастарын жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Андреа Пирло жаттықтырушы мансабын бастайды.

Журналист Джанлуки Ди Марцио мәліметінше, Пирло туриндік «Ювентус» командасының U-23 жастар командасын жаттықтырады.

Жастар командасының қазіргі бас бапкері Роберто Баронио даңқты футболшы Андреа Пирлоның орынбасары болады.

Айта кетейік, Андреа Пирло футболшы мансабын 2017 жылы аяқтады. Ол мансабында «Брешиа», «Интернационале», «Реджина», «Милан», «Ювентус» және «Нью-Йорк Сити» командаларында ойнаған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер