Әлем футболы

Барселона» мүшелері Хосеп Бартомеуге сенімсіздік білдірмек

Барселона» мүшелері Хосеп Бартомеуге сенімсіздік білдірмек
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» мүшелері президент Хосеп Бартомеу мен директорлар кеңесінің жұмысына наразылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN мәліметінше, құрамына «Барселона» жанкүйерлерінің әр түрлі қоғамдастықтарының өкілдері кірген Kor Blaugrana деп аталатын топ шұғыл өзгеріс енгізуді талап етіп, клуб басшылығына сенімсіздік білдіруге шақырады.

Kor Blaugrana 14 жұмыс күні ішінде клуб мүшелерінің 15 пайызының қолы, яғни шамамен 17000 қол жиналуы қажет екені айтылған. Осыдан кейін барып бұл мәселе референдумға барлық клуб мүшелерінің назарына ұсынылады.

Мерзімінен бұрын сайлауға қол жеткізу үшін клубтың 101 мыңнан астам мүшесінің келісімін алу қажет.

Барселонада президент сайлауы 2021 жылдың жазына жоспарланған. Үміткерлер арасында экс-президенттер Жоан Лапорта мен Сандро Росель, сонымен қатар кәсіпкер Виктор Фонт бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер