Басқа

Үстел теннисінен бапкерлерге арналған семинар өтті

Үстел теннисінен бапкерлерге арналған семинар өтті
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен қазақстандық жаттықтырушылар екі сағаттық онлайн семинарға қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семинарды үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрама командасының кеңесші - жаттықтырушы қызметін атқарушы Дмитрий Левенко өткізді.

«Семинарға еліміздің түкпір-түкіпірінен барлығы 40-қа жуық жаттықтырушы қатысты. Семинар барысында соққы техникасын талқылап, практика жүзінде қалай қолданатынын көрсеттік. Семинарымыз жаттықтырушылардың бәріне ұнап, ойдағыдай өтті. Келесі жолы аталған тақырыпта қатысушылар сұрағына кеңінен тоқталатын болдық», - дейді Левенко.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер