Қысқы

Шана спорты федерациясы ХОК-қа өтініш жолдады

Шана спорты федерациясы ХОК-қа өтініш жолдады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шана спорты федерациясы (FIL) 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың бағдарламасына әйелдер арасындағы екі адамдық бәсеке мен натурбанды қосу туралы Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде FIL шана спортының әйелдер арасында кең таралуына мән беріп отыр. Аталған бағдарлама 2020 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында халыққа таныстырады. Сондай-ақ, 2021/2022 жылғы олимпиадалық маусымда әйелдер арасындағы екі адамдық жарыс әлем кубогі кезеңдерінің бағдарламасына қосылмақ.

Ал натурбанды Олимпиада бағдарламасына енгізу үшін FIL бірнеше жылдан бері талпынып келеді. Әзірге ХОК бұл өтінішті қабылдаған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер