ММА

Alash Pride ММА клубының ресми парақшасын белгісіз біреулер бұзып кетті

Alash Pride ММА клубының ресми парақшасын белгісіз біреулер бұзып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев өзінің Instagram парақшасында Alash Pride FC аккаунтын белгісіз біреулердің бұзғанын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті достар!

«Алаш Прайдтың» Инстаграмдағы ресми парақшасын белгісіз шабуылдаушылар бұзды және біз оны қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз! Қазір уақытша @alash_pridefc сақтық көшірме парақшасын пайдаланамыз, барлық жаңалықтарды қадағалап отырамыз. Біз сіздерді жаңа парағымызда көруге қуаныштымыз!», - деп жазды Егембердиев.



Еске сала кетелік, Егембердиев октагонға соңғы рет 25 шілдеде шықты. Ол ACA 107 турнирінде Насрудин Насрудиновтан техникалық нокаутпен жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер