Қысқы

Халықаралық биатлоншылар одағы алдағы маусым жоспарларын талқылады

Халықаралық биатлоншылар одағы алдағы маусым жоспарларын талқылады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) коронавирус індетіне байланысты алдағы маусымды өткізудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр. Жоспар бойынша, маусым 28 қараша күні Финляндияның Контиолахти қаласында басталуға тиіс, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Алдағы қысқы маусымның қалай өтетіні әлі белгісіз. Әлем кубогі кезеңдері мен басқа да жарыстарды кесте бойынша өткізуге тырысамыз. Десе де, біз кез келген жағдайға дайындалып жатырмыз. Алғашқы кезеңде біз ұйымдастырушылармен тығыз байланыста болдық. Енді алынған ақпаратты талдап, қысқы маусымға дайындықтың өзге де нұсқаларын қарастырып отырған жайымыз бар», - делінген IBU хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер