Әлем футболы

Месси ХХІ ғасырда пенальтиден мүлт кеткендер тізімінің көшін бастады

Месси ХХІ ғасырда пенальтиден мүлт кеткендер тізімінің көшін бастады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ХХІ ғасырда пенальтиден көп мүлт кететіндер тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Transfermarkt порталы жазады. Дереккөздің хабарлауынша, соңғы 20 жыл ішінде 33 жастағы шабуылшы 22 айып добын соға алмаған.

Екінші орында - «Романың» экс-капитаны Франческо Тотти және «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду. Екі ойыншы да 18 рет 11 метрлік айып добын қақпаға енгізе алмаған.

Бұған дейін португалиялықтың «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобилемен бірге А сериясында осы маусымда соғылған пенальтилер бойынша рекорд қайталағаны туралы хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер