Хоккей

«Бейбарысқа» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Бейбарысқа» жаңа бас бапкер тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубы команда жаттықтырушыларының жаңа құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраулық клубтың бұрынғы қорғаушысы Артем Аргоков «Бейбарыстың» бас бапкері болып тағайындалды. Оған Сергей Бондаренко (бас бапкердің көмекшісі) және Михаил Смольников (қақпашылардың жаттықтырушысы) көмектеседі.

Артем Аргоков 1976 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұзақ уақыт бойы ол «Торпедо» (Өскемен), сондай-ақ Ресей чемпионатында «Металлург» (Новокузнецк), «Лада» (Тольятти), «Амур» (Хабаровск), «Трактор» (Челябинск) сияқты клубтарда өнер көрсетті. 2010 жылдан 2014 жылға дейін атыраулық «Бейбарыс» сапында ойнап, екі рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Артем Аргоков Қазақстан құрамасымен бірге Азия қысқы ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (2003 және 2007) атанған. Туринде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2006).

Артем Аргоков 2015 жылдан бастап жаттықтырушы болып жүр. «Бейбарыста» ол бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды, сонымен қатар балалармен жұмыс жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер