Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогы кезеңі індетке байланысты өткізілмейді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖүзуден Сингапурдегі әлем кубогі кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы Сингапурдің жүзу федерациясы мәлім етті.
Аталған турнир биылғы жылдың 4-6 қыркүйегі аралығында өтуі тиіс болатын. Жергілікті федерация бұл шешімді Халықаралық су спорты түрлері федерациясымен (FINA) бірлесіп қабылдаған.
«Жарысқа әр елден 6000 жанкүйер мен 200-ге жуық спортшы келеді. Ал COVID-19 індетіне байланысты әлемде орнаған ахуал әлі реттелген жоқ. Бұқаралық іс-шаралардың өтуіне әлі дек шектеу қойылған, мемлекеттер арасындағы шекара да тұтас ашылған жоқ. Осылайша, жарысты биыл өткізу мүмкін емес. Біздің басты мақсатымыз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.