Басқа

Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогы кезеңі індетке байланысты өткізілмейді

Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогы кезеңі індетке байланысты өткізілмейді
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогі кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы Сингапурдің жүзу федерациясы мәлім етті.

Аталған турнир биылғы жылдың 4-6 қыркүйегі аралығында өтуі тиіс болатын. Жергілікті федерация бұл шешімді Халықаралық су спорты түрлері федерациясымен (FINA) бірлесіп қабылдаған.

«Жарысқа әр елден 6000 жанкүйер мен 200-ге жуық спортшы келеді. Ал COVID-19 індетіне байланысты әлемде орнаған ахуал әлі реттелген жоқ. Бұқаралық іс-шаралардың өтуіне әлі дек шектеу қойылған, мемлекеттер арасындағы шекара да тұтас ашылған жоқ. Осылайша, жарысты биыл өткізу мүмкін емес. Біздің басты мақсатымыз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер