Басқа

Владимир Белогонов: Оқу жаттығу жиындарының өтпегені спортшыларға қиынға соғып жатыр

Владимир Белогонов: Оқу жаттығу жиындарының өтпегені спортшыларға қиынға соғып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Академиялық есуден Қазақстан командасы карантин кезінде де жаттығуды үзген жоқ. Әр спортшы өз аймақтарында дайындалуда. Бұл туралы команда бас бапкері Владимир Белоногов айтты деп жазады Olympic.kz.

«Әрине, оқу-жаттығу жиындарының өтпегені қиын. Бірақ үй жағдайында жаттығу жасауды ұмытқан жоқпыз. Төтенше жағдай режимі кезінде спортшылардың үйлеріне арнайы жаттығатын құрылғыларды апарып бердік. Команда мүшелері жүгіруге көп мән беріп, ашық алаңдарда жалпы дене жаттығуын жасады. Қазіргі карантин кезінде де дайындық жалғасуда. Қиындыққа қарамастан жаттығуды жоспарлы түрде жүргізіп жатырмыз. Ал биылғы маусымда қандай да бір жарыстар жоқ. Халықаралық федерация 2021 жылғы жарыс кестесін толық бекітті», - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, еліміздің Денсаулық сақтау министрі карантин талаптарының 3 тамыздан бастап жеңілдетілетінін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер