Күрес

Нұрлан Аманқосов: Күз айларында бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов әлемдегі ахуал жақсарса, күз айларында бірнеше жарысқа қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Қыркүйек, қазан айларында ТМД көлемінде өтетін бірқатар жарыстар бар. Мәселен, Беларусь елінде ересектер арасында Александр Медведь атындағы халықаралық сын өтеді. Одан бөлек, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында да түрлі турнирлер бар. Әзірге бұл жарыстардың барлығы жоспарда тұр. Егер елдегі және әлемдегі індеттің беті бері қараса, қатысамыз деген ойдамыз. Ал карантин кезінде спортшылар өз үйлерінде жаттығуда. Шыны керек, бұл оңай емес. Әркім өз бетінше жаттықса да, кілемдегі, оқу-жаттығу жиынындағы дайындыққа ештеңе жетпейді. Тезірек жағдайдың жақсарғанын күтеміз», - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, 2 тамызға дейін еліміздегі карантин мерзімі созылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер