Әлем футболы

«Интер» Санчесті сатып алатын болды

«Интер» Санчесті сатып алатын болды
news-banner7
mobile-news-top

«Интер» футбол клубы чилилік ойыншы Алексис Санчеспен келісімге келді, деп жазады Prosports.kz.

Миландық клуб Санчесті сатып алуға бел буды. Оған 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр. 3 жылдағы жалпы жалақсы 15 млн еуро болады. Ойыншы бұл шартты қабылдады.

Ендігі мәселе «Интер» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойыншыны сатып алу-сату келіссөзі қалай өтетінінде. Манчестерлік клуб Санчес үшін кем дегенде 15 миллион еуро төлеуді сұрап отыр.

Айта кетейік, Алексис «Интерге» жалға берілген. Биылғы маусым қайта жанданғаннан кейін Санчес үздік өнер көрсетіп жүр. Қазірге дейін 7 нәтижелі пас шығарып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер