Басқа

Токиодағы Касаи орталығы спортшылардың жаттығу өткізуі үшін ашылды

Токиодағы Касаи орталығы спортшылардың жаттығу өткізуі үшін ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Келесі жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде есу бойынша додалар өтетін спорт нысаны спортшылардың жаттығуы үшін жұмысын бастады.

Токио үкіметі Олимпиада және паралимпиада өтетін екі спорт нысанының ашық болатынын жариялады. Атап айтқанда, Касаидағы есу орталығы және Тацумиде орналасқан су добы орталығы Олимпиада басталғанша тұрғындарға ашық болады.

Касаи орталығы спортшылар үшін 28 желтоқсанға дейін жұмысын жалғастырады. Онда жергілікті үкімет спортшылардың жаттығуы жиынан бөлек, байдаркашылардың турын өткізе алады.

Ал Тацумидегі су добы орталығы жаттығу мен жарыс үшін 2021 жылдың 31 наурызына дейін ашық болады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер